Feeds:
Жазбалар
Пікірлер

from Әселхан

Қазіргі таңда қазақ халқы саны көп сапалы ұрпақ тәрбиелеу керек. Кез келген үлкен мемелекет шағын отбасылардан құралады. Мүмкін шағын отбасы емес, үлкен отбасы құру дәстүрін жаңғыртатын кез келген шығар.


Қазіргі таңда төрт балалы отбасы көпбалалы болып саналады. Жеке өзім көпбалалы отбасында өстім. Нарықтық заманда, әр адам бәсекеге қабілетті болуы мінддетті кезеңде, сан мен сапа критерийін қатар алып жүрген дұрыс. Бір жағынан көп балалы ата-ана бақытына кеңелсеңіз, екінші жағынан жақсы тәрбиеленген балаларыңыздан өзіңізге жан жақты тірек таба аласыз. Мәселен, бір отбасыда әр түрлі мамандық игерген баларға не жетсен! Өз отбасыңызда дәрігердің де, мұғалімнің де, заңгердің де, техниктің де шығуына мүмкіндік аласыз. Не балаларыңыз бір салада жұмыс жасап, отбасылық денастия құруға болады. Кез келген тұрғыдан қарағанда дұрыс тәрбие алған бала әрдайым сіздің тірегіңіз, артыңыздан дұға етіп қалар ұрпағыңыз! Сондықтан мемлекет үшін, өзіміз үшін сан мен сапаға жұмыс жасайық!
Осы тұрғыда жастардың көп балалы отбасы құруға құштарлығын қалай арттырмыз деген заңды сұрақ туындайды. Әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста дейді! Жастардың көпбалалы отбасы болуға көзқарасын өзгерту үшін өзіңізден бастаңыз. Оларға құр сөзге қарағанда нақты үлгі керек. Көп балалы отбасыдан болсаңыз бауырмалдығыңызбен, қамқорлығыңызбен үлгі болыңыз. Бірге өскен берік ірге болатынына кез келген көз жеткізетіндей дәрежеде болыңыз. Сонда сізге қызығады. Жалғыз өссе, сіз өскен отбасыға қарап, болашақта менің де көп балам болса екен деп тамсанады. Сіз соған сай болуңыз керек. Ал көпбалалы отбасыдан болмасаңыз, өзіңіз сондай обасы құрыңыз. Берекелі де өнегелі шаңырақ көтеріп, тікелей сізге қызағатындай болу керек.
Үйлену оңай, үй болу қиын дейді. Әрине, оңай ештене де жоқ! Әр нәрсенің ауыртпалығы мен салмағы бар. Көп жастар үшін пәтер, әлеуметтік қамтылу мәселесі көпбалалы отбасы болу мақсатындағы үлкен өткел сияқты. Ол өткелді өту де қиын көрінеді. Енді қарап ойланыйықшы, нақты Алматы жағдайын қарастыратын болсақ, пәтер мәселесі шешілетін сәтті күте берсеңіз отбасылы болудың қызығын көрмей қалу ықтималдығы бар. Әр баланың өзінің ырыс, несібесі бар дейді. Көп жағдайда жас отбасыны ата-аналары қолдап, қамдап жатады. Не болмаса арнайы бағдарламамен жастарға жеңілдікпен үй беру мәселесі мемлекет тарапынан да реттеліп жатыр. Басты көрсеткіш сіздің ниетіңіз. Кез келген амал ниетке қарай бағаланады. Ал қалғаны өз сәтімен болатына сенемін.
Ал, «Мен өз басым моральна қазір үйленуге дайынмын және көп баланынң әкесі болғанымды қалаймын. Бірақ менде не баспана жоқ, не жұмыс жоқ. Мен секілді жігітке қандай қыз күйеуге шығады?» – деп жүрген жігіттерге жауап ретінде мына нәрсені айтып өткім келеді.
« Көптеген қыздар үшін өздерінің бағасы сіздің әлеуметтік жағдайыңыз, не қалтаңыз қанша көтере алатыны болуы міндетті емес, бірақ ондайлардың да барын мойындаймын! Қыз қандай құндылықты бағалайтыны да сіздің таңдауыңыз! «Неге қыздар қалталы азаматарға қызығады?» деудің орнына «Неге мен әлеуметтік жағдайды ғана бағалайтын қыздарды таңдай беремін?» деген сұрақ қойған орындырақ. Ер мінезділік, Иман, тәрбие, білім құны жетпес байлық деп санайтын аруларымыз қаншама… Егер жылтырлаған, қымбат әдемі мұқабасынан басқа ештенесі жоқ қыздардан шаршасаңыз, басқа адамдық құндылықтарды, имандалақта жоғары қоятын гүлдерімізге көңіл бөлсеңіздер!» ( «Қыз оқылмаған кітап сияқты болу керектен » үзінді)
P.S. Осы тақырыпта ой өрбітуге тікелей әсер еткен адамға алғыс білдіремін! Диалогты сұрақ желісімен осындай пост жарияланды.

Ей, перзентім, білгенің жақсы, Алла Тағала күллі өзінің құдірет күші әділдігін әмбеге паш етті. Әрбір зат, жан-жануарға қадір-қасиет, тұр-тұлға, көрік, сипат берді. Алла Тағала білімсізден – білімдінің, көріксізден – көрікті сұлудың, жоқшылықтан – баршылықтың абзалдығын танытып, адам мен хайуанның парқын аспан мен жердей ете білді. Әрбіріне өзіне тән түр-тұлға, сыр-сипат берді. Және ол қасиетті өзінен соңғы үрім-бұтақтарына да дарытты. Көру үшін көз, сөйлеу үшін сөз, ойланып пайымдау үшін ақыл-ес берді. Алла Тағаланың құдіреті күштілігін Күнсіз сәуле және жылулық таратуға, бұлтсыз күн жаудыруға шамасы келетіндігінен байқауға болады. Алла Тағаланың кереметінің шегін болжауға ешкімнің де ақылы жетпейді. Жұлдыздар әсерімен дүниеге ізгілік немесе апат жіберуге құдіреті бар. Жақсылық пен жамандыққа өзінен басқа бір қалыс заттарды себепші етеді. Мәселен, бұлт – жаууға, Күн – дүниенің нұрлануына, түн – қараңғылануына, жұлдыздардың ағуы – қараңғыда жарқырап көрінуге себепші болады. Бұлардың алма-кезек ауысып тұратын қозғалысына тән жүйелі заңдылықтар бар. Егер бұл заңдылықтар бұзылса, жүйесіздік, тәртіпсіздік белең алып, дүние астан-кестен болады. Осы табиғи заңдылықтардың сақталуы нәтижесінде күллі әлемде жүйелі тәртіп орнайды. Осыған орайлас дүние түйсігін де жаратқан. Дүниеде бір нәрсе пайда болса, ол екінші нәрсеге айналып, Алла Тағаланың әміріне дәлел болады.
Ей, перзентім, қалай да дүние заңдылықтарына немқұрайды бейтарап қарауға болмайды. Оның оңы мен терісінен, өңі мен астарынан хабарың болсын. Мысалы, тұқымның өніп шығуына топырақ пен су себепші. Егер жерге сепкен ұрығың уақтылы бөріп шықпаса, ол тек қана жердің кінәсі деп түсінбе. Сол сияқты ойлаған мақсатын орындалмаса, оған жұлдыздар не замана айыпта деп ойлама. Олардың кейбір кері әсері болғанымен, тікелей қатысы болмауы ықтимал. Мәселен, ұрықтың өніп шығуына жердің тікелей қатысы бар, бірақ бидай ексең, одан арпа өндіруге шамасы келмейді. Жұлдыздардың да ықпалын осылай түсіну керек.
Дүние түзілгенде ұлы даналықпен түзілген, оған көркемдік пен сұлулықты үйлестірді. Егер оған жіті көзбен назар салсаң, көркемдік көкжиегінің шексіз екенін байқайсың.
Дүниедегі өсімдік пен жан-жануар ішіп-жемек, киім кимек, жақсылық пен жамандықтың бәрі де дүниенің мүлкі, көркі, сұлулығы деуге болады. Алла Тағаланың кереметінен де осыларды байқауға болады.
Ей, перзентім, білгенің жақсы, Алла Тағала дүниені жаратумен бірге, ризық-несібені қоса жаратты, ішіп-жеуді, нәпсіні жаратты. Бұлар болмаған жағдайда дүние бір ойыншық сияқты ғана болар еді. Алла Тағала адамзатты жаратты, оған қажетті заттық игіліктердің алуан түрін пайда қылды. Адамның өмір сүруіне қажетті өнер, білім, саясат ағыстарын жаратты. Егер саясат салтанат құрмаған жағдайда адам баласы көп нәрседен хабарсыз қалған болар еді. Сондықтан адамзатқа саяат ауадай қажет болады. Саясатсыз қоғамда әділетсіздік үстемдік құруы сөзсіз. Алла Тағала саясаты дұрыс алып бару үшін пенделеріне пайғамбардарды(елшілерді) жіберді. Халыққа Құдайға құлшылық етудің жолдарын үйретсін деді. Алла Тағаланың берген ризық-несібесіне, түр-тұлға, көрік сипатына шүкіршілік етіп, мойын ұсындыру үшін жіберілді. Адамның қасиеті басқа түрлі жан-жануардан әлдеқайда жоғары дәрежеде. Сондықтан да адам баласы өзін тура жолға салушыларды танып-білуге міндетті. Ризық-несібені жеткізушіні ойында сақтауы шарт. Пайғамбарлардың бар екенін ақиқат деп түсініп, Әзіреті Адамнан Мұхаммед пайғамбарға дейінгілерді бірінен бірін кем демей, дінге шын көңілмен сеніп, Алла Тағалаға құлдық етушілер дүниеде өзінен соңғыларға жақсы атақ қалдырады.

Сәл аялда…

Сәл аялда, тыныш қана тыңдашы
Сен де, мен де бұл өмірде жолаушы
Екі түрлі тағдыр қосқан торапта
Адастырмай сол арманға апаршы

Алыста ма, жақында ма білмеймін
Кейде, жаным, мен өзіңді сезбеймін
Жүрегім де үн қатпаған кездерде
Ақылдың да анық жолын көрмеймін

Сәл тоқташы тыныш қана тыңдашы
Жүрегіңнен ақырын ғана сұрашы
Жалған болсын бар әлемнің айқайы
Тек жүректің һақ шындығын байқашы

Мендегі шындық жол көрсетсе өзіңе
Табар ма едік шын бақытты өмірде
Мендегі шындық тағдыр жазған сынаққа
Еш мойымай, сабырменен өтуде

19. Өзін өзі жетілдіру

Өзін-өзі жетілдірудің түрлі ақылды жолдарын ұмытыңыз, бәріңізге де жақсы болады.

Адамдарды түзетуге уәде бермеңіз, адамдарды өзін жақсы сезінуге зорламаңыз, өмірді таза немесе сиқырлы етуге, немесе ізгілікті етуге үмтылмаңыз. Өзімшілдікке бағытталған бағдарлама ұсынбаңыз, бай болуға, өте мықты болуға, сексуальды болуға және менмен болуға, параноик болуға және жетекке ергіш болуға да бағдарлама ұсынбаңыз.

Ешбір ұстаз сізді бақытты, асығы алшысынан тұрған, дені сау және өте мықты ете алмайды. Ешбір қағида, ешбір техника бұл қасиеттерді  жақсарта алмайды.

Егер сіз өзіңізді жақсартқыңыз келсе, соңыра, біртіндеп, сізге өзімшілдіктен ада, өзіңіздің нағыз «меніңізді» көрсететін үнсіздік не­месе сол сияқты тазартатын әрекетті жасап көріңіз.

Күнделіктегі ойлар

… Бақыт туралы  ой келді… Шынайы бақыт неде? Бүкіл арман  орындалады, тек күте білу керек. Кейде төзімде де табандылық таныту керек сияқты.  Жаныңды ретте, сен әлі көп нәрсе істеу керексің, ұмытпа!!!!!!! Сағыныштан сарғайма, барлығы оралады. Сен бақытты болуға жаралдың, бақытты боласың  да…

…Бүгін сен алдасың, ал ертең арттасың. Бұл өмірдегі орның алма кезек. Тек бір нәрсені ұмытпа, көштен қалмау керек. Кейде жеңіліс те сені шыңдай түседі.  Бірақ мәселе жеңілуде емес, мәселе сүріне тұра қайта тұруда. Міне, сол кезде сен өмірдің жеңімпазы боласың. Бір шайқастағы жеңіліс соғыстың жеңісінен үміт үздірмеу керек. Өмірлік шайқаста жеңімпаз өзіңсің…

…Кезекте отырмын. Кеше келеңсіз жағдайға тап болдым. Барлығы қызық болып барады. Қазір өзімді  бір саяхатшы ретінде елестетемін, бірақ саяхат тек қиял әлеміне  ғана болып тұр. Иә, менің жаным қалайды сұлулықты. Сол сұлулық әлеміне саяхат жасап,    қиял әлеміне аттанамын.

Көздің жасы таусылғанда жүрек жылай бастайды дейді. Жүрек мөлдір де ащы жаспен тазарады ма, әлде қарайып   қатаяды ма? Не болса да жүрегіңнің    тазалығын сақта, ол пәк болып қалу керек…

from Әселхан

Өмірдің тепе-теңдік заңымен барлығымыз, өмірімізде бір үйлесім мен баланс орнатқымыз келеді. Ақылға салсақ, өзіміздің теңімізді іздейміз, ал сезімге берілсек… Есесіне ата-ана алдындағы жауапкершілік, анама қандай келін әкелемін, әкем маған лайықты күйеу бала көрсе дейміз. Әлеуметтік жағдай мен тегі өз орнында. Оның бары сыртқа факторлар ғой. Ал ішкі жанымыздың қалауына үңілсек, өмірге деген көз қарасы мен қабылдау деңгейі өзімізбен тең дәрежеде болса дейміз. Тек сонда ғана иық тірестіріп, бір-бірімізді толықтырып, бір қадаммен керемет жұп болатынымызға сенеміз. Сонда ғана өмірлік әңгімеміз таусылмай, қуанышпен де, қайғымен де ортақтасатын сияқтымыз. Әрине, осындай үйлесімге адам жаны ұмтылады.
Қарама қарсылықтар бір бірін тартады дейтін тағы бір өмірлік заңды ескерсек. Физика заңына сүйенсек те теріс заряд пен оң заряд бір-бірін тартады, ал аттас зарядтар бір-бірінен тебіледі. Өмірде де байқасақ, көп жағдайда өзімізге қарама-қарсы адамдарға бейсаналы түрде талпынамыз. Сенің аузың тыңбаса, ол үндемейді, сен тыныш ағыспен жүзіп үйренсең, ол дауылмен жүзіп келеді. Кейде өзің де түсінбейсің, неге сен осы адаммен екенінді. Әйтеуір оның қарсы заряды сені тартып, жібермей тұрады.
Сонда адам жаратылысы нені қалайды, таразының екі басында орнаған тепе-теңдікті ме, әлде екі қарама қарсылықтың тартылып құраған үйлесімді жүйесіне ме?girl and boy Осы екі заңды мен «Адамдар модулі жағына тең болу керек» деген заңмен үйлестіруші едім. Егер сараптап қарасақ 1 және -1 0-мен салыстырғанда бірдей ара қашықтықта тұр, ал таңбасы жағынан қарама қарсы. Сол адамдар да нөлден бірдей қашықтықта тұратындай деңгейлес болу керек(мысалы, сіз 5 болсаңыз, ол -5; ол 10 болса, сіз -10 болыңыз ), бір-бірін әрдайым тартып тұратындай қарама-қарсы таңбада болу керек.

Жетімдер үйіне барғанда, көзге жасты толтырмай шыға алмаймын! Осындай жетімдердің жанын түсініп, өлең жолдарымен менің жүрегіме жеткізе білген Зарина Долатаева деген досым. Оның арныйы рұқсатын сұрап, оның өленің өз посттарыма енгіздім. sirota

by Зарина Долатаева

Анашым…
Іздеумен келем, іздеумен өтем өзіңді,
Естігім келет бір ауыз жылы сөзіңді.
Жас жаныма серік етіп келемін
Таусылмайтын сабыр менен төзімді.

Анашым…

қалайша қиып, қалайша мені тастадың?
Сенсіз әлем қара түнек, ашық емес аспаным.
У- шуы көп көшелерде кетіп бара жатқанда
Қараймын мен қызыға анасына басқаның…

Анашым…
Кеудеңдегі жүрек пе, әлде темір ме?
Тастар болсаң неге әкелдің өмірге?
Неге, неге аямадың сен мені
Тумай жатып дақ түсірдің көңілге?..

Анашым… хайуан да тастамайды баласын,
Мендей сұлу періштені қайдан енді табасың?
Кеудемдегі СЕН деп соққан жұдырықтай жүректе
Өмір бойы сұрақ белгі болып қана қаласың…

Анашым…
Қатал тағдыр мені қалай аясын?
Тек түсімде маған құшақ жаясың.
Тірі болсаң, тілеймін амандығыңды,
Өлі болсаң… бұйыртсын жұмақ саясын…

Анашым…
Мен сені көрмесем де сағынамын,
Тағдырдың жазғанына бағынамын.
О дүниеде жазаласа Тәңірім,
Араша боп, қасыңнан табыламын.

Білемін, сезем…
Оңашада жасыңды көл ғып төктің,
Мен сені келеді тек бақытт(ы) еткім.
Оралшы тез, кешіремін… бұл өмірге
Жалғыз келіп, келмейді жалғыз кеткім…

Күнде оқимын сен қалдырған хатыңды,
іштей ғана қайталаймын атыңды.
Көп болды ғой, түн ұйқымды сағындым
Қанша таңды сені ойлаумен атырдым…

Анашым…
Азайып бара жатыр күлкім де,
Мәңгілік көз жұмсам ғой бұл түнде.
» Кешір мені!» деп жазыпсың хатыңда
Менің сізге өкпелеуім мүмкін бе?..

Қайран көңіл іштей ғана тынады,
Қайда екен бақыт, шаттық тұрағы?
Не болса да көнем, басқа амал жоқ,
Бұл да, мүмкін, бір Алланың сынағы…

Сені ойлаумен өтеді менің әр күнім,
Білмеймін ғой не кінәмнің барлығын…

Шошып ояндым… Көп күн болды бұл түстің мені мазалап жүргеніне…
Түсімде жетімдер үйіне барыппын. Не үшін барғаным өзіме де, өзгеге де белгісіз. Алдымнан 5-6 жасар періштедей кінәсіз де күнәсіз бала жүгіріп шықты. Ол маған үміттене қарады. Оның көзінен «Мені алып кетуге келдің бе?» деген сұрақты оқу қиын емес еді. Мен үнсіз басымды шайқадым. Өкпелеп, бұрылып кете ме деп ойлап едім… олай етпеді. Маған көз алмастан қарап тұра берді, тұра берді.Тек көздерінен мөлдіреген жас тамшылары тарам- тарам болып ағып жатты. Бұл өлең жолдарын мен сол баланың көздерінен оқыдым.Оның мейірім аңсап тұрған көздерінде мұң бар ед. Оның қасына барып: » Мен сені түсінемін…» деп едім, ол :» Менің дәл қазіргі күйімді өзімнен басқаның түсінуіне дәрмені жетпейді…» деді.
Шошып ояндым… Қасиетті ҚҰРАНДА, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың хадистерінде » ЖҰМАҚ- АНАНЫҢ ТАБАНЫНЫҢ АСТЫНДА!» деген сөздер бар. Жұмақ қандай ананың табанының астында? Тоғыз ай бойы көтерген періште- сәбилерін жалған намыспен тірідей жетім еткен аналардың қай жері қасиетті? Баласын тастаған аналар дүниенің бақытын қайдан іздейді екен?.. Егер Құдай құдірет берсе, сол жетімдердің бәріне аналары сыйлай алмаған жылылық пен мейірімділікті, сүйіспеншілікті сезіндірер едім. Егер Құдай құдірет берсе…