from Әселхан
«Осы қыздарды қалай түсінегу болады?» Бұл достарымның көптеп қоятын сұрағы. Осындай қарапайым сұраққа жауап берудің өзі бөлек философияны талап ететін сияқты.
Сонымен, біздерді қалай түсінуге болады…
Бірде осы сұраққа бір курстасыма жауап беруге тырысқанда, құрбым: «Мен расымен өзімнің не қалайтынымды өзім де білмеймін,» – деді. Иә, біздің жаратылымз сондай, біз өзімізді өзіміз түсінбесек те, бізді түсінетін жанды іздейміз. Кейде осындайдай түсініксіздікте талай қыздар жоғалып, Аллаһ Тағала қосатын жалғыс серіктерінен адасып жүр.
Осындай өмір құрған сценарийде ер адам өзінің басты рөлде екенін ұмытпаса жөн. Өмірлік серігін қыз емес ер адам таңдау керек және таңдау жасауға лайықты болу керек. «Көптің ішінен мен сені таңдадым,» – деп айтатындай.
// Әрине, өз таңдауын өзім жасаймын дейтін де аруларымыз бар. Бір сөзбен айтқанда карьеристкалар дейді ғой. Олар жайлы кейінірек бөлек жазармын, бірақ олар да нәзік жандар екенін ұмытпау керек.
Осы жерде Хелен Роуландтың сөзін ескере кеткім келеді: « Ер адаммен бақытты болу үшін оны толығымен түсінуге тырысып, аздап махаббат сыйласан болды, ал әйел адаммен бақытты болу үшін оны толығымен сүйіп, мүлдем түсінуге тырыспау керек».
«Қыз оқылмаған кітап сияқты болу керек дейді». Кейде осы қағиданы ер адамдарымыз дұрыс түсінбейтін сияқты. Менің байқағаным, біз сол кітапты таңдағанда, қанша қарсылассаңыз да, біріншіден сыртына қараймыз. Оның мұқабасы көзге тартымды, ескі және жыртық болмаса, яғни жақсы күтілген болса дейміз. Мазмұнын ашып көзімізді бір жүгіртіп шығамыз. Ал көп жағдайда достарымыз ұсынған, не тағы басқалардың рецензиясына құлақ асамыз. Асып кетсе, сол кітатың аннотациясын оқырмыз. Енді кітаптың бағасына келіп тоқталайық. Аяғында келетін ой менің қалтам осы кітапты көтереді ме. Мойындайтын жай, әсіресе үлкен қалалы жерлерді осындай қызды қалтам көтереді ме деген ой орынды болғанына. Жоғарыдағы талаптарға сай кітап аламыз деп шештік. Ол кітапты қол жетпейтін жерге алып қойамыз. Кейде ашып беттерін парақтап қойамыз да, кейін қызық болмай қалады деп толығымен оқып шығуға батпаймыз. Алда бүкіл өмір бар ғой, әлі талай рет оқып үлгеремін деп. Осылай жүргенде кітап не қызықсыз болып қалады да сіз ол жайлы ұмыта бастайсыз, не одан да қызық деп «ойлайтын» басқа кітап тауып аласыз. Кейде ол кітапты досыңыз не басқа біреу сізге қарағанда қызық көріп, тіпті сізге айтпай жай полкаға қолын созып алып кете салады.
Осыған байланысты өзімнің субьективті пікірімді білдіре кетсем.
Біріншіден, адам көзімен бағалайтыны дұрыс. Ол тек ер адамадарға ғана тән қасиет емес. Сондықтан қыз балалар әрдайым көркем, әсем болып жүру керек. Біз өзіміздің бұл өмірдің гүлі екенімізді ұмытпайық. Сұлу емес әйел болмайды, тек өзін күтпейтін еріншек әйел болатынын ғана мойындаймын. Қыз көркімен ақылды, ер ақылымен көрікті екенін ұмытпайық.
Екіншіден, мазмұнына тоқталмастан бағасына тоқталсам. Көптеген қыздар үшін өздерінің бағасы сіздің әлеуметтік жағдайыңыз, не қалтаңыз қанша көтере алатыны болуы міндетті емес, бірақ ондайлардың да барын мойындаймын! Қыз қандай құндылықты бағалайтыны да сіздің таңдауыңыз! «Неге қыздар қалталы азаматарға қызығады?» деудің орнына «Неге мен әлеуметтік жағдайды ғана бағалайтын қыздарды таңдай беремін?» деген сұрақ қойған орындырақ. Ер мінезділік, Иман, тәрбие, білім құны жетпес байлық деп санайтын аруларымыз қаншама… Егер жылтырлаған, қымбат әдемі мұқабасынан басқа ештенесі жоқ қыздардан шаршасаңыз, басқа адамдық құндылықтарды, имандалақта жоғары қоятын гүлдерімізге көңіл бөлсеңіздер!
Үшіншіден, мазмұнына келсем. Қыздың жан дүниесін толығымен оқып шығуға тырысыңыз. Кез келген жазушы өзінің кітабына ерекше мағына мен құндылығын қалдырады! Аллаһ Тағала да кез келген құлына өзіндік қасиеті пен құндылығын дарытқан, тек оны сақтау мен көре білу біздің қолымызда. Кітапты оқып тастап ол қызық емес болып қалады деп қорықпау керек. Байқасыңыздар, жанына жақын, жүрігіне жылы кітаптарды қанша оқысаңыз да қызығы кетпейді. Керісінше әр оқыған сайын бұрын байқамаған жайттарды байқап, әр оқыған сайын бірінші рет оқығандай жаңа сезімдерге бөленесіз. Басқа кітаптардан бөлек қойып, міндетті түрде қайта оқып, ұмытып бара жатқан жерлерін есіңізге түсіріп тұрасыз! Ал басқа біреудің сүйікті кітабыңызды сіздің рұқсатынсыз алып кетуі есіңізге де келмейді!
Міне, «Қыз оқылмаған кітап сияқты болу керек» дегенді мен осылай түсіндім.
P.S. Құрметті асыл жанды арулар, біз де қызығымыз қанша оқыса да таусылмайтын, түрлі шытырман оқиғаларға толы, қанша уақыт өтсе де қадір қасиетіміз кетпейтін, әдемі күтілген, рухани құнды кітап болуды ұмытпайық. «Сен мені әрдайым таңқалдырудасың, әлі күнге дейін өзіңнен жаңа әлем ашып келемін, » – деп, қалай ғана отбасымыздың берекесін кетірмей барлығын үлгеріп жүр деп іштей сүйсініп, Аллаһ Тағалаға осындай жар сыйлағанына алғыс айтып жүретін екінші жартыңызға не жетсін! Осының барлығы кез келген қыздың қолынан келеді, тек сене біліңіз!
Кітап жайлы мысал керемет мысал екен. Салыстырмасы жақсы.
Құнды пікіріңізге рахмет! Осы салыстыруға қатысты, мәселе кітапта ғана емес оқырманда да болады және әр кітапқа өзінің оқырманы дегендер де болды! Не болса да жоғарыда айтылған таңдау ер адамдарда! Тек өзіңізге не керегін білсеңіздер болды!
1 кітапты әртүрлі оқуға болады, мысалы 1ші рет оқып, түсінбей, уақыт өте келе өмірге деген көзқарасыңызды өзгертіп, біліміңізді арттырып, оны қайттан оқысан, мүлдем басқаша әсерде қаласың + әр кітаптың өз оқырманы бар деген сияқты…
>>>«Неге қыздар қалталы азаматарға қызығады?» деудің орнына «Неге мен әлеуметтік жағдайды ғана бағалайтын қыздарды таңдай беремін?» деген сұрақ қойған орындырақ.
керемет айтылған сөз!
«Неге қыздар қалталы азаматарға қызығады?» иә, бұл қыздарға ренжіп қойған ең көп сұрақтардың бірі болған! Осы сұраққа барынша жауап беруге тырыстым!
Аселхан рахмет!!!Озім үшін коп кызык заттар таптым!!!олар мені бір затты жазуға толғандырды)
Eгер жылтырлаған, қымбат әдемі мұқабасынан басқа ештенесі жоқ қыздардан шаршасаңыз, басқа адамдық құндылықтарды, имандалақта жоғары қоятын гүлдерімізге көңіл бөлсеңіздер!
Eto pro men9
Арманжан, өзіңе пайдалысын тапқаныңа қуаныштымын! Сенің келесі шығарманды күтемін! Негізі сенің еркіндік жайлы жазғанын осы ойларымды қорытып, қағаз бетіне түсіруге өз септігін тигізген
Кітап пен қыз! Өте әдемі теңеу екен!
Өкінішке орай, бүгінде екеуінің де құны түсіп кетті
((
Ащы болса да ақиқат! Дегенмен құнды кітап өз бағасын да, оқырманын да жоғалтпайды. Мүмкін тек электронды түрге көшкені болмаса
)
Ойыңыз ер адамдардың санасына да жағымды келтірілген екен. Психологиялық тұрғыдан алсақ та, “қыз”-дық тұрғыдан алсақ та керемет балама таңдалыпты. Уақыт бөліп оқып шыққаныма өкінбедім деуге болар!
Уақыт тауып оқығаныңызға көп рахмет! Мен осы постты жазбастан бұрын біршама зерттеулер жүргіздім! Негіздеп алғанда бұл ойды өрбітуге ер адамдардың психологиясы басымырақ болды! Осы пайымдау ер адамдарға жетімді және аруларымызға да өтімді болуын меңзегенмін
al men uzhe birne6e ret okysam da, kaita-kaita oki beremin… Kyzygy ketpeidi degen osy eken-au))
Osyndai makalalaryn koptep 6yga bergei)
Rahmet, Aselkhan! Bul makalannan ar adam ozine paidaly zat tabatynyna 100% senimdimin!
rahmet! Allah Tagala nasip etse jazamyn! kandai keremet sozder!
“Қыз оқылмаған кітап сияқты болу керек” тақырыптың аты екі мағына болып тұр сондықтан (Қыз-оқылмаған кітап сияқты болу керек) деген дұрыс болар. себебі алғаш көргенімде мен кітап туралы деп қалдым әңгімені. былайша жаман емес, болады.
Рахмет!
Жалпы, оте кызык макала екен Аселхан! Рахмет саган!
Асиресе кыздарды сынап, китаппен салыстырып, жазган жерин! Ойсыз кыздарды Алла Тагала дурыс жолга түсіреді деген умиттемин!
Сондай ақ Аллаһ Тағала жігіттерімізге де ой сала жүрсін, қыздарды да жөндей жүрсін деймін! Кез келген ортаның ядросы қыздар емес пе…
Қыздарды түсінбеймін дейтіндерді түсінбеймін. Бәрі ап-анық сияқты ғой. Несі түсініксіз? Тек ер адам көбіне инстинкті басына шауып тұрса да, ақылына жүгінеді, ал әйел ішкі импульстерге жүгінеді. Тіпті ақыл-парасаттың асқар шыңының көрінісі деген қыз, егер дені сау болса, ана болуды ойлайды. Ана болуды армандамайтын әйелдің санасы мүгедек.
Сол үшін де қалталы, билігі бар жігітке қызығады, маған қорған бола ала ма? Менің жағдайымды жасай ала ма? деген оймен.
Ал жігіттер болса, қыздардың барлығы ешнәрсеге қарамай, күйдім-жандым дейтін “дурочка” болса екен дейд.
Ал өздері сонай дурочканың үстінен аттап кете беред.
Қыздарды түсінбеу керек, қыздарды тыңдау керек те, ақылға қонса айтқанын істе, ақылға қонбаса орнына қойып таста. Болды. өзі сосын рахмет айтады.
Керемет! Орынға қойып таста дегеніңіз өте орынды! Аллаһ Тағала әйел адамда ер адамның аяғынан жаратпады, себебі аяғына таптамасын деп. Басынан жаратпағаны, басына шығып кетпесін деп. Ал қабырғадан жаратқаны жүрегіннің қасында аялап сүйсін деп, қол астанда, қорғап әлпештесін деп!
“Қыз оқылмаған кітап сияқты болу керек” деген пікірді былайша жалғастырғым келеді: “Қыз – айтылып бітпеген ән, орындалып бітпеген сазды әуен, тартылып бітпеген әсем күй, таусылмас жыр, сыры ашылмаған сыр сандық іспеттес…”
P.S. Керемет жазылған екен, Аселхан! Әсіресе, жігіттердің құлағына алтын сырға боларына күмәнім жоқ десем қателеспейтін шығармын =)) …
керемет жалғастырдың! ал сырға аруларымызға да, жігіттерімізге де болсын!
Аселхан рахмет!
“Қыз оқылмаған кітап сияқты болу керек”-деген өте орынды айтылған сөз.
Жалпы махаббат деген – Әйелдің өзі дер едім,
Ләззат деген – Әйелдің сөзі дер едім,
Ең күшті нәрсе – Әйелдің әмірі дер едім,
Әйелдердің барлығын – жердегі тәңір дер едім дейтің ерлеріміз бен сұлу, көркем қыздарымыз бен аналарымыз көбейе берсін!
Өте жақсы жазылған! Менің қосарым, әрине кітапты алғашында оқығанда түсініксіз, қызықсыз болуы мүмкін. Алайда уақыт өте өмірге көзқарасың өзгеріп сала бергенде алдыңғы түсінбеген кітапты қайта оқып шығуға тәуекел етесің. Алайда сенен де басқа оқырмандардың да бар екенін ұмытпа! Талғамы сол кітапқа жақын оқырман алып кетуі мүмкін! Ал философиялық, құнды, бірден түсіне қоймайтын кітаптар өте аз тиражбен шығады. Сондықтан кешігіп қалуы әбден мүмкін!
мен еркекпин. Кызды да китапты да жаксы корем. Нашар китапты жыртып, ортеп жиберуге туалет аркылы кутылуга болады. Ал карбаша ургашыдан/стеравадан/ калай кутыласын?