Feeds:
Жазбалар
Comments

Archive for Шілде, 2009

8. Су

Ақылды лидер суға ұқсайды. Суды алып қарайық: су барлық нәрсені таңдамай тазартады әрі жа- ңартады, су заттың бетінен де әрі ішіне қорықпастан өтіп кетеді, су сұйық және қабылдағыш, су заңға зорлықсыз бағынады. Лидерді алып қаралық: лидер кез-келген жағдайда алдынан кездескен әрбір адаммен, әрбір көрсеткішпен ешбір шағынбастан жұмыс істейді, ли-дер ақысының көлеміне қарамастан, жұрттың бәрі жақсы [...]

Read Full Post »

Кез келген мінез-құлық қарсы көзқарастағы топтан (оппозициядан) және қарама-қарсылықтардан тұрады. Егер мен бір нәрсені жасап, тағы да, тағы да жасай бергім келсе, онда ол нәрсеге қайшылық пайда болады. Мысалы, әдемі болуға өте ұмтылу адамды сұрықсыз етеді, мейірбан болуға жан сала ұмтылу өзімшілдіктің бір түрі. Кез келген әсіре-айқын мінез-құлық өзінің қарама-қарсылығын тудырады: – өмірді сүюге ессіз [...]

Read Full Post »

Дао – қалай дегенді білдіреді: зат қалай пайда болады, зат қалай жұмыс істейді. Дао бүкіл жаратылыстың негізінде жататын бірыңғай принципті білдіреді. Дао деген Құдай. Даоның анықталуы мүмкін емес, өйткені ол барлық нәрсеге жатады. Сіз оның өзінің атауларынан да ештеңе анықтай алмайсыз. Егер сіз принципті анықтай алатын болсаңыз, онда ол Дао емес. Дао анықталмайды, бірақ Дао [...]

Read Full Post »

Бұл кітапша пендешілікте кездесетін, керекті-керексіз, бірақ өмірде бар қасиеттердің болу-болмауын, дұрысын қолдап, керексізін жөндеп, ретке келтіруді көздейді. Авторы бұдан 3500 жыл бұрын өмір сүрген қытай ақылманы Лао Цзы. Аударма “Дао Да Чинг (Лидердің Даосы), яғни заттардың қалай пайда болуы мен жұмыс істеуі жайлы кітап немесе соңынан ерте білу стратегиясы” деп аталады. Біздің дәуірімізден он бес [...]

Read Full Post »

from Әселхан Жақында көңілсіз қайтып келе жатқан едім. Болады ғой, бір түсініксіз, толғанысқа толы сәттер… Кім қалай, ал мен сондай сәттерді саябақтарда өткізгенді жақсы көремін! Өзімнің сүйікті саябақтарымда өзімнің лавочкаларым бар. Міне, осылай көптен бері болмаған саябағыма келдім. Жаңа лавочкалар, кішкентай балалар ойнайтын арнайы орындар, жаңа асфальт жол, әдемі жайқалған гүлдер. Парк жайнап кетіпті. Енді [...]

Read Full Post »

from Әселхан Бірде маған смс келеді: «Қыздар алма секілід. Ең тәттісі және әдемі піскені ағаштың төбесінде. Көптеген жігіттер құлап, өздеріне зақым келтіруден қорқып, ең тәтті жеміс үшін ағаштың төбесіне шығудан сескенеді. Оның орнына жерге түскен алмаларды жинағанды артық көреді, себебі олар соншалықты жақсы болмаса да қолдары жетімді жерде. Сондықтан ағаштың төбесіндегі алмалар КЕРЕМЕТ болса да, [...]

Read Full Post »

Ей, перзентім, білгенің жақсы, Алла Тағаланың бірлігін тану жайлы бірнеше сөзді саған бұрын да айтқанмын. Біріншіден, Алланың бірлігін, барлығын мойындауға ықылас-сенімің берік болсын. Өйткені көп адамдар оны мойындамау салдарынан көңілі қараңғыланып азғындайды. Ал көңілі пәк таза жандар адаспайды. Ей, перзентім, біліп алғын, Алла Тағаланың барлығы зайырда, жасырында. Оны жердегі, көктегі бар заттардың қадір- қасиетінен ажырата [...]

Read Full Post »

Ей, перзентім, Ануширован мына төмендегі үгіт-насихаттарды айтқан екен: 1. Дәулет ертелі-кеш келуі де, кетуі де мүмкін, барлық жағдайдың алмасып және өзгеріп тұруына таңданба. Яғни шаттық кетіп, қайғы келсе; қайғы кетіп шаттық келсе, оған мән берме. 2. Халық не үшін бір рет опық жеген істен қайтадан опық жейді? Егер бір істі істеп өкінішті жағдайда қалсаң, оны [...]

Read Full Post »

2006 жылдың көктемінде маған ең құнды сыйлықтарымның бірін сыйлады. Ол, әрине, КІТАП. Мектебімнің директоры осы кітаптағы жазылғандарды жадында сақта деген. Осы күнге дейін ерекше сақтап келетінмін, енді осы кітапта жазылған үгіт-насихаттармен бөлісу мақсатында “Кабуснамаға” бөлек айдар арнадым! Осы айдарға кітаптан өзіме ерекше ұнаған бөлімдерді жариялап тұрамын. Кітап жайлы келетін болсақ, «Қабуснама» – 1082-1083 жылдар ішінде [...]

Read Full Post »

from Әселхан «Осы қыздарды қалай түсінегу болады?» Бұл достарымның көптеп қоятын сұрағы. Осындай қарапайым сұраққа жауап берудің өзі бөлек философияны талап ететін сияқты. Сонымен, біздерді қалай түсінуге болады… Бірде осы сұраққа бір курстасыма жауап беруге тырысқанда, құрбым: «Мен расымен өзімнің не қалайтынымды өзім де білмеймін,» – деді. Иә, біздің жаратылымз сондай, біз өзімізді өзіміз түсінбесек [...]

Read Full Post »

Older Posts »

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.